Жұрт үшін арманың не кетсе басың?
Жұрт үшін арманың не кетсе басың?
23.11.2020 15:00
775
0

Ужиршик бір-бір кісі болыс басы, 
Сол кісің болсын асыл жүзік қасы. 
Дін үшін жан кешетін ерлер болсын, 
Қызбайтын көрінсе де жерік асы. 

 

Алдында алтын жатсаалмайтұғын, 
Жан-жағынқу болмасынжалмайтұғын. 
Өлген қоян терісін тұлып қылып, 
Тартқан шырға көрінсе бармайтұғын. 
 

Алланың ақ жолымен жүретұғын, 
Ерік Аллада екенін білетұғын. 
Қызыл желжемтікшілді жібермеңдер 
Ит сықылды жетекке еретұғын. 

 
Бір ниеттің қамы үшін бастаңыздар, 
Бұрынғы араздықты тастаңыздар. 
Сайлаңдар депутатқа кісі тауып, 
Айдалыпатылудан қашпаңыздар. 

 
Дініңді кім қорласасол - өш - қасың, 
Қорлықтан ақпап па еді көзден жасың?! 
Үйде өлген мың шіріктің бірі болмай, 
Жұрт үшін арманың не кетсе басың? 

 
Өз жұртын оңған бар ма жатқа сатқан? 
Ерді елдің пайдасы үшін хақ жаратқан. 
Ойлайтын елдің қамын ерді жібер 
Жерінен суырып алып көрде жатқан. 

 
Күдер үз тірімін деп жүрген жаннан 
Бір тілімқұны аса алмайқара наннан. 
Білімді өліп көрде мың жыл жатса, 
Шықпайды сонда - дағы кісі саннан. 

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

0 пікір