Түс жору түрлері және қазақтың ырымдары
Түс жору түрлері және қазақтың ырымдары
13.09.2021 18:49
67730
0

Түс жору

  • Түсіңде моншаға кірсең, ісің үмітсіздікке тап болады;
  • Моншадан шығып келе жатсаң, қанағаттанасың;
  • Жалаңаш еркек көрсең, кедейлікке тап боласың;
  • Моншадағы қан, мезгілсіз келген өлім;
  • Түсіңде таза су ішіп жүрсең, жағдайың жақсарады;
  • Лай су ішсең, уайым келер;
  • Мұздай су ішсең,денсаулығың жақсарады;
  • Жылы су ішсең, ауырасың;
  • Қайнаған су, бақыт белгісі;
  • Сумен жуынып жүрсең, қуанасың;
  • Суарып жүрсең, уайымның белгісі;
  • Суда жуынсаң, денсаулығың жақсарады, байлыққа кенелесің;
  • Шелектен су төксең, кәсібің тиімсіздік әкеледі;
  • Ауызыңнан су төксең, біреуді ренжітесің;
  • Су жылытып жүрсең, күтпеген қуанышқа тап боларсың;
  • Су шашып жүрсең, бос сөздің белгісі;
  • Суға қарап жүрсең, көңілділіктің белгісі;
  • Тодқын көрсең, сапарға шығасың,
  • Толқыған теңіз, шығынға ұшыратуы мүмкін;
  • Теңізге құласаң, қауіптің күтіп тұрғаны;
  • Теңізде жүзіп жүрсең, байлық, күш-қуат,денсаулық;
  • Сүңгісең, уайымға батарсың;
  • Кемеде, жүзсең хат-хабар аласың;
  • Өзенді көрсең, алыс сапар белгісі;
  • Өзеннен өтсең, жақсылықтың белгісі, үйленуің мүмкін;
  • Жуынып жүрсең, қызғаныш;
  • Кимешең жуынсаң, зиян мен сырқат белгісі;
  • Тұншықсаң, қауіп пен сәтсіздікке ұрынуың мүмкін;
  • Ыдыспен су алып жатсаң, табысқа бастайды;
  • Жылдам ағыс көрсең, қуаныш;
  • Суда отырсаң, сәтсіздік;
  • Өзен кешіп бара жатсаң, жақсылық;
  • Қайықта жүзсең, жолға шығасың;
  • Мұзжарғыш көрсең, өлім туралы хабар келеді;
  • Түсіңде батпаққа тап келсең, ісіңде ретсіздік болады;
  • Батпаққа батсаң, қауіпті іске тап келерсің;
  • Жаңбыр көрсең, жылайсың,ренжисің;
  • Күн шығып жаңбыр жауып жатса, ұтыс;
  • Жаңбыр кезіндегі найзағай, жайсыздықтың белгісі;
  • Бастаудың суын көрсең молшылыққа кенелесің, не ауырып жүрсең сауығасың;
  • Құрғап қалған қайнар көрсең, үмітсіздік белгісі;
  • Түсіңде қар басып жүрсең ұнамды хабар аласың;
  • Қарға құласаң, сүйіктіңнен алыстайсың;
  • Қар астындағы ағашты көрсең, ерлі-зайыптылық өмірде өзгеріс болуы мүмкін, жайсыздық белгісі;
  • Қақтың суын көрсең, ісіңдегі сәтсіздік, кездесу;
  • Мұз көрсең, сәтсіздік белгісі;
  • Сақал қойған адам жауына жолығады;
  • Сақалың қалың, қара болып көрінсе, табыс әкеледі;
  • Ағарған сақал ауру белгісі;
  • Әйел өзін сақалды күйде көрсе, күткен нәрсесін алады;
  • Түсінде ақ шаш көрсең, жақсылық қуаныш;
  • Сақалды шал көрсең, пайдалы ақыл-кеңес береді;
  • Жұлынған шаш, досыңның не жақыныңның өліміне соқтыруы мүмкін;
  • Шаш жұлып жүрсең, жайсыз жағдайлар кездеседі;
  • Қалың шаш көрсең, табыс әкеледі;
  • Біреудің шашын алып жатсаңоның қаза табуы мүмкін;
  • Шаш өріп жүрсең, әйелдер үшін зайыптылық өмірдің салқындауы;
  • Тарақ көрсең, үйленудің, тұрғын орынды ауыстырудың белгісі;
  • Қара қас көрсең, денсаулық белгісі;
  • Қасың ағарып кетсе, табыс;
  • Түсіңде бауда серуендесең, қуанасың;
  • Ұя көрсең жақсылық;
  • Орманға барсаң сәтсіздік, алдау;
  • Орманда адассаң, жақсылық;
  • Ағаш кесең, жақыныңды жоғалтуың мүмкін;
  • Көшет ексең, бақыт, байлық;
  • Сынған ағашты көрсең, ұрысқа ұшырайсың;
  • Жемісті ағаш көрсең, игілік;
  • Жапырақсыз ағаш жақсылық емес;
  • Кесілген ағаш өлім мен қаралы күндер белгісі болуы мүмкін;
  • Шіріген ағаш көрсең, ісіңдегі сәтсіздік белгісі;
  • Емен көрсең, ерекше таныстыққа бастайды;
  • Қайың көрсең, қуаныш;
  • Шие көрсең байлыққа тап боласың;
  • Түсіп жатқан жапырақ, шығынның белгісі;
  • Құрғақ жапырақ жинасаң, кедейлік;
  • Жапырақ төсеп ұйықтасаң, екеуара сүйіспеншілік белгісі;
  • Жасыл жапырақ сапарға бастар;
  • Ағаш алып бара жатсаң, шығын;
  • Ағаш жақсаң, зиянға батасың;
  • Ағаш жарып жүрсең, қуаныш;
  • Ағаш сатып алып жүрсең, өсекке қаласың;
  • Жас адамдар табыт көрсе, үйлену тойының белгісі;
  • Табытты үйелменді адамдар көрсе, табыс кіреді;
  • Табыт жасап жатсаң, өлік көруің мүмкін;
  • Түсіңде қымбат бағалы тастарды көрсең, табыстың, байлыққа кенелтер некенің белгісі;
  • Тәж кисең, құрметке бөленесің;
  • Бағалы заттар тауып алсаң, ісіңде сәттілік молаяр;
  • Сатып алып жатсаң, молшылыққа кенелесің;
  • Қырман-денсаулық белгісі;
  • Бос сандық көрсең, кедейлікке ұрынасың;
  • Сандық толы болса, көп ақша табасың;
  • Қағаз ақша көрсең, әурешілік,ұрыс-керіс, хат;
  • Мыс теңге уайымға батырар;
  • Ұсақ күміс ақша – көз жасының белгісі;
  • Ірі күміс ақша – табыстың белгісі;
  • Алтын ақша - маңызды іс;
  • Гауһар тасың болса, табыс;
  • Оларды біреуге беріп жүрсең, күдіктің молаюы;
  • Алып жүрсең, көз жасына тап боласың;
  • Түсіңде алтының болса, қуанасың;
  • Алтын тәж істегі өзгеріске бастайды;
  • Алтын сақина үйлену тойы болатынын білдіреді;
  • Асыл тасты сақина табыс әкелер;
  • Сырға – табыстың белгісі;
  • Қазына тапсаң, қуанасың;
  • Түсіңде қайыршы болып жүрсең, табысқа батарсың;
  • Қайыршыға кездессең, ұнамсыздыққа тап болуың мүмкін;
  • Қайыр – садақа беріп жүрсең, жәрдем аласың;
  • Түсіңде балкон көрсең, қауіпті жоғалуға тап боласың;
  • Бос шелек көрсең, үмітің алдайды;
  • Толы шелек көрсең, көп іске тап боларсың;
  • Шеге көрсең, сәттілік, мақсатқа жету белгісі;
  • Ашық терезе көрсең, өкініш нышаны;
  • Терезеден құласаң, төбелесесің;
  • Жабық терезе – бос уайым;
  • Өз терезеңнен кіріп жүрсең, ұзаққа созылар науқас белгісі;
  • Жанып жатқан есік – өлім белгісі болуы мүмкін;
  • Есікті таппай жүрсең, ісіңе кедергі кездесер;
  • Түсіңде құлып көрсең, сенімсіздік белгісі;
  • Аула кір – қоқысты болса, табысқа кенелесің;
  • Аула таза болса, қуаныш;
  • Үй салуды көрген адамға әрқалай; ауру адам өліп кетуі мүмкін,сау адам ұтысқа кенелер, өмірде сәттілік көбейер;
  • Үй жөндеп жүрсең, шығын көп болады;
  • Үй жанып жатса, шығынға ұшырайсың;
  • Үй тарылып кеткенін көрсең, аурудың белгісі;
  • Үй құлап жатса, ұрыс – керіс белгісі;
  • Үй шатырын көрсең, табыс келеді;
  • Ас үйді көрсең, молшылық нышаны;
  • Үй ішінің ретсіздігі уайым келеді;
  • Үй талқандалса,ренішке ұрынарсың;
  • Өзге біреудің үйі бұзылса, тілегің орындалады;
  • Түсіңде қабырға көрсең, кедергіге тап боларсың,
  • Аурухана көрсең, ұнамсыз нәрсе жоғалады;
  • Ауруханада жатсаң, жәрдем келеді;
  • Түсіңде қара көрпе жамылсаң, уайымға кезігесің;
  • Қызыл көрпе жамылсаң, ауруға тап келуің мүмкін;
  • Таза ыдыс көрсең, шығынға ұшырайсың;
  • Шойын ыдыс көрсең, уайым белгісі;
  • Стақан сынса, бақытың бүлінер;
  • Түсіңе бірдеңе үтіктеп жүрсең, жаңа дос табасың;
  • Асхана пышағын көрсең, үйде ұрыс – жанжал шығады;
  • Пышақ қайрасаң, қауіптің жақындағаны;
  • Түсіңде баланың бесігін көрсең, жақсылық;
  • Айна көрсең, ұяласың, өзгеріс болады;
  • Ине көрсең, дұшпан қоршауында қалғаның;
  • Кілт көрсең, жаңа махаббаттың нышаны;
  • Түсіңде қамба көрсең, жаңа таныстық белгісі;
  • Бөшке көрсең, қуанасың;
  • Бөтелке көрсең, ажырасуың мүмкін;
  • Сіріңке көрсең, ақшаға молығасың;
  • Күйе көрсең, сәтсіздік белгісі;
  • Дастархан көрсең, молшылық;
  • Арқан көрсең, қиыншылық;
  • Альбом көрсең, жаңа таныстық белгісі;
  • Мазарат көрсең, тыныштық белгісі;
  • Күрек көрсең, жақсылыққа тап боларсың;
  • Жиһаз көрсең, қуанышты кездесудің нышаны;
  • Қоқыс көрсең, күтпеген ақша келеді;
  • Диірмен көрсең, әурешілік, өсек – өтірік белгісі;
  • Сабын көрсең, шығынға ұшырайсың;
  • От көрсең, ұрыс – керіске кезігесің;
  • Төсек көрсең, жолға шығасың;
  • Шаң көрсең, алдауға ұрынасың;
  • Көбік көрсең, өтірік хабар аласың;
  • Мылтық көрсең, қауіп белгісі;
  • Базар көрсең, ұяласың;
  • Қора – қопсы көрсең, жаңа орынға ауысасың;
  • Сабан көрсең, табысқа батасың;
  • Түсіңде қарбыз жеп жүрсең, күтпеген жерден жолға шығасың;
  • Егер еркек қарбызды жесе, уайымға батады;
  • Әйел қарбыз жеп жүрсе, бала көтереді;
  • Қыз қарбыз жеп жүрсе, алданады,қателеседі, уайымға кездеседі;
  • Қой етін жеп жүрсең, табысқа кезігесің;
  • Ақ нан жесең, кіріс кіреді, ауырып жүрген болсаң, жазыласың;
  • Балық жесең, қанағатсыздыққа кезігесің;
  • Алма жесең, қуаныштың белгісі;
  • Көңілді түрдегі отырыста отырсаң, сырқаттанасың;
  • Шарап ішіп жүрсең, көңілділікке кездесерсің;
  • Шарапты біреуге беріп жүрсең, өлік жерлеуге қатысасың;
  • Ақ шарап құйып тұрсаң, қуаныш;
  • Қызыл шарап құйып тұрсаң, төбелеске тап боласың;
  • Түсіңде жүзім жесең, қуаныш, ұтыс;
  • Піспеген жүзім – қателік;
  • Сыра ішіп жүрсең, табыс белгісі;
  • Қозықұйрық көрсең, бала көтересің (әйелдер үшін), табыс келеді;
  • Көкеніс жесең, қуаныш келеді;
  • Май көрсең, жақсылық, молшылық;
  • Майды киімге тамызып алсаң, махаббаттағы сәттілік;
  • Май басыңа жағылса, ақша аласың;
  • Түсіңде май жағылғаннан жесең, шығынға ұшырайсың;
  • Сиыр етінің қаны шығып тұрғанын көрсең, ауруға жақын адамыңның өліміне тап болуың мүмкін;
  • Шошқа етін жесең, ауырасың;
  • Шұжық (колбаса) жеп жүрсең, сырқаттануың мүмкін;
  • Піскен, тәтті жеміс жесең, байлыққа, сәттілікке кенелесің;
  • Қамыр илесең, үміттің белгісі;
  • Нан сатып алсаң, уайым түбі жақсарады;
  • Нан көріп, жеп жүрсең, табыс табасың;
  • Жаңғақ шағып жүрсең, ақша аласың;
  • Түсіңде тауық көрсең, әуре – сарсаң, өсек, ұрыс – керіс белгісі;
  • Арақ көрсең,тынышсыздыққа, сәтсіздікке тап боласың;
  • Түсіңде бұршақ көрсең, көз жасының белгісі;
  • Түсіңде картоп көрсең, кездесудің, көз жасының нышаны;
  • Ашытқы көрсең, ақшаға кенелесің;
  • Шөлдеп жүрсең, табыс келеді;
  • Ботқа жеп жүрсең, әурешілік артады;
  • Сүйек мұжысаң, ісің аяқталды;
  • Кәмпит көрсең, мейман келер;
  • Лавр жапырақтары – күтпеген құрмет;
  • Бүлдірген көрсең, сырқаттанасың;
  • Бал – бақыт;
  • Сәбіз көрсең, көңілденесің;
  • Сүт көрсең, пайдалы орынға ауысасың;
  • Балмұздақ көрсең, сәтсіздікке тап болуың мүмкін;
  • Меймандықта тамақ ішіп отырсаң, қатты ауырып қалуың мүмкін;
  • Күріш көрсең, біраз ғана ақша аласың,
  • Макарон көрсең, діттеген жағыңа бармайсың;
  • Ұн көрсең, молшылық белгісі;
  • Қант көрсең, табыс келеді;
  • Тұз көрсең, ұрыс – керіске кездесесің;
  • Қаймақ, балқаймақ көрсең, хат – хабар келер;
  • Пияз көрсең, күткен қонағың келеді;
  • Жұмыртқа көрсең, табыс, мейман келеді;
  • Ит көрсең, адал досыңа байланысты сәттілік;
  • Жүгірген ит көрсең, жаңа орын іздейсің;
  • Қасқыр көрсең, ұрыс – керіске кезігесің;
  • Қарға – қайғылы хабар белгісі;
  • Сиыр көрсең, байлыққа немесе ауруға кезігуің мүмкін;
  • Қоян көрсең, қауіпті іске, досыңның алдауына ұшырайсың;
  • Жылан көрсең, ауырып қалуың, досыңның опасыздығына кезігуің мүмкін;
  • Сары жылан көрсең үйленесің;
  • Ақ боз ат көрсең, ісің оңалады;
  • Қара ат көрсең, сәтсіздікке ұрынасың;
  • Жылқы сатып алсып жүрсең, жаңа хабар аласың;
  • Жылқы мініп жүрсең, қуаныш;
  • Мысық көрсең, сайқал әйелдің алдауының белгісі;
  • Түлкі көрсең, досыңның аярлығына тап келерсің;
  • Арыстан көрсең, маңызды бір қонақ келуі мүмкін;
  • Қабылан көрсең, қауіпті достың белгісі;
  • Тарақан көрсең, той болар;
  • Шымшық көрсең, кездесудің сәтсіздіктің, бос әурешіліктің нышаны;
  • Бит көрсең, ақшаға, жақсылық хабарға тап келесің;
  • Кептер көрсең, үйленудің хабаршысы;
  • Қараторғай көрсең, ұнамды адамыңа кезігіп, шаттанасың;
  • Қоңыз көрсең, күткен қонағың келеді, қуанасың;
  • Құлын көрсең, кіріс келеді, бірақ қиналысқа кезігуің мүмкін;
  • Көлбақа көрсең, біржақты сүйіспеншіліктің нышаны;
  • Күйе – көбелек көрсең, шығын, ұнамсыз шашылып-төгілу;
  • Шыбын көрсең, ұрыс – керіс болады;
  • Тышқан көрсең, бірнәрсе жоғалтасың, өлік көресің;
  • Құмырсқа көрсең, байлыққа кенелесің;
  • Жарқанат көрсең, ұнамсыз мейман әйел келеді;
  • Есек көрсең, тыныш өмір белгісі;
  • Шошқа көрсең, ұнамсыз тірлікке, қарғысқа тап боласың;
  • Бұлбұл көрсең, қуанышты хабар келеді;
  • Ара көрсең, қауіпті адамға кез боласың;
  • Піл көрсең, тұрмыс жағдайың жақсарар;
  • Мүйіз көрсең, ақша аласың;
  • Түсінде дегелек көрсең, жайбырақаттылық, жақсылық келеді;
  • Бұлт басқан аспан – мазасыздық белгісі;
  • Күн шығып келе жатса, өмірің жақсара түсер;
  • Түсіңде күн батып бара жатса, ісің нашарлайды;
  • Кемпірқосақ көрсең, ұнамды хабар естірсің;
  • Толық ай көрсең, жан – жақты көңіл көтеріледі;
  • Жарты ай көрсең, уақытша ғана бақыттың белгісі;
  • Тұман көрсең, нәтиже мол болады;
  • Түтін көрсең, өсекке қаласың;
  • Таза ауа көріп сезінсең, барлық адаммен тату боласың;
  • Түстегі жел – мұң мен сырқат белгісі;
  • Жұлдыздарды көрсең, әйелдердің ортасына тап келерсің;
  • Бұқа көрсең, қайғы, ауру тап келеді;
  • Барыс көрсең досыңа жолығасың;
  • Қаз санап жүрсең, алданасың;
  • Тырна көрсең, қорқасың;
  • Қыз крокодил көрсе, бай, тұрмысты күйеу кездестірер;
  • Көкек көрсең, құдағидың белгісі;
  • Маймыл көрсең, жаудың нышаны;
  • Түпсіздік көрсең, қауіп төнеді;
  • Жардан өтіп кетсең, қауіптен құтыласың;
  • Тас көрсең, өсекке қаласың;
  • Балшық көрсең, өлімге тап болуың мүмкін;
  • Талқандалған жол көрсең, шығын;
  • Қисық жол көрсең,табыс;
  • Жолмен келе жатсаң, сырқат, жайсыз хабар;
  • Түсіңде көпірден өтсең, қауіптен құтыласың;
  • Сынған көпірді көрсең, ақшаң жоғалады;
  • Көң көрсең кіріс көбейеді;
  • Көң үйіндісін қазып жүрсең, қазынаға кезігесің;
  • Көң үйіндісінде ұйықтасаң, жазыласың;
  • Тау көрсең, қиналыстың белгісі;
  • Таудан түссең, сәттілік, қайғыдан айырыласың;
  • Тар соқпақпен жүрсең, сәтсіздік;
  • Кең соқпақпен жүрсең, жақсылық;
  • Жер қазып жүрсең, мұңаюдың белгісі;
  • Мола көрсең, күтпеген жақсылық;
  • Моланы талқандап жүрсең, өлімнің белгісі;
  • Сынап көрсең, көз жасы төгіледі;
  • Вокзал көрсең, кездесудің нышаны;
  • Мақта көрсең, мұңды хабар келеді;
  • Ескерткіш көрсең, даңқың артады;
  • Көл көрсең; күтесің;
  • Мұхит көрсең, қанағаттанасың;
  • Арал көрсең, моланың белгісі;
  • Құм көрсең, байлыққа батасың;
  • Бастау – бұлақ көрсең;қуанасың;
  • Әйнек көрсең, қорқасың;
  • Түсіңде көгілдір ашық аспан көрсең, жақсылыққа жолығасың;
  • Жарық жұлдыз көрсең, нәтижеге жетесің;
  • Жұлдыздың сөнгенін көрсең, жақыныңнан айырылуың мүмкін;
  • Жалғыз жұлдыз – қуаныш;
  • Бірдеңені өртесең, ұрыс – жанжалға кезігерсің;
  • Өрт те сондай, шығын, ұрыс – керіс әкеледі;
  • Аспандағы от – бастықтың ауысатынын білдіреді;
  • Аспаннан жауған бұршақ – өкініштің белгісі;
  • Қыс мезгілін көрсең, опасыздықтың белгісі;
  • Ақшаңқаң бұлттар – кіріс
  • Қара бұлттар – шығын;
  • Қар көрсең, сүйіспеншілік хабары жетеді;
  • Түсіңде досыңды көрсең, онымен кездесесің;
  • Балаларды көрсең, ісің табысты болар;
  • Қыз баланы көрсең, таңданарсың;
  • Ұл баланы көрсең, ұлың көбейер;
  • Түсіңде қалыңдық болып жүрсең, сәтсіздікке ұрынуың мүмкін;
  • Цыган көрсең, алданасың;
  • Негр көрсең, сәтсіздікке кезігерсің;
  • Бастығыңды көрсең, жайсыздыққа ұрынарсың;
  • Егіздерді көрсең, игілік белгісі;
  • Өлген адамның тіріліп жүргенін көрсең, ауа райы, іс барысы өзгерер;
  • Түсіңде үйіңе ұры кірсе, қонақтар келеді;
  • Еркекті жалаңаш көрсең, сәтсіздік нышаны;
  • Әйел түсінде күйеуін ұрып жүрсе, кіріс келеді;
  • Түсіңдегі миллионер, жайсыздыққа жолықтырар;
  • Көңілді адамды көрсең, қуанасың;
  • Меймандарды көрсең, өшпенділік белгісі;
  • Дұшпаныңды сүйіп жүрсең, ымыраға келесің;
  • Әйел көрсең, сәттілік белгісі;
  • Түсіңде бейтаныс әйел көрсең, өсектің белгісі;
  • Қисық – қыңыр әйел – ауру хабаршысы;
  • Жалаңаш әйел – өтірік, өсек;
  • Түсіңде бала жұбатып жүрсең, өтірік уәдеге сеніп жүргенің;
  • Баланы сүйсең, қуанасың;
  • Өлі адаммен көріссең, жаңа махаббатқа тап келесің;
  • Өлген адамды үйіңде көрсең, жайсыздық әкеледі;
  • Өлі адам сөйлесе, ауа райы өзгереді;
  • Өлікті қозғасаң, ауырасың, жаман атқа ілігесің;
  • Өлікті бассаң, өлім туралы хабар аласың;
  • Өлікпен бірге ұйықтасаң, табысқа кенелесің;
  • Өлген кісі су сұраса, әруақтың разы болмай жүргені;
  • Көшеде жас еркек көрсең, жаңа табыс көзі ашылады;
  • Әйел адам екі жігітпен ұйықтаса, некесі тиімді болады;
  • Қызыл түсті нәрселер – махаббат, сырқатқа кезігу;
  • Қара түс – ұрыс-керіс, мұң;
  • Жасыл түс – жолға, сапарға шығу;
  • Көк түс – үлкен әңгіме, салмақтылық;
  • Қызғылт түс – сыйлық;
  • Қоңыр түс – күткен адамыңмен жүздесу;
  • Түсіңде аяғың кір болып жүрсе, мұңаясың, жалғыздық көресің;
  • Аяғың жалаңаш қалса, жақыныңды жоғалтасың;
  • Аяқсыз қалсаң, ісің табысты болады;
  • Тырнақ алып жүрсең, шығын;
  • Тырнағыңды тазаласаң, қуаныш;
  • Тырнағың кір болса, өсекке жолығасың;
  • Денеңде жара болса, жамандық;
  • Жалаңаш, бірақ тәнің әдемі болып жүрсең, жақсылық белгісі;
  • Ақ көйлек кисең, қуанасың;
  • Таза көйлек кисең, сәттілік;
  • Кір көйлек кисең, кедейлік;
  • Бастағы тұмақ құрмет белгісі;
  • Әйелдер түсінде кір жайса, ұтым болады;
  • Жуылған кірді сатып алса, аурудың нышаны;
  • Кірді жуып жатса, алданады;
  • Таза маталар – тойдың белгісі;
  • Киімдегі жамау – сәтсіздік нышаны;
  • Етік көрсең, табыс;
  • Тон кисең, байлық белгісі;
  • Жай шұлық көрсең, жақсылық;
  • Жүн шұлық – сырқат;
  • Ақ шұлық – өлім белгісі;
  • Шұлықтағы жыртық – махаббатқа келетін сәтсіздік;
  • Сөмке көрсең, саяхатқа аттанасың;
  • Жаңа аяқ киім кисең, жаңа орынға ауысуың мүмкін;
  • Жаңа пальто кисең, жаңа олжа келеді;
  • Таза орамал басқа тартсаң, сәтсіздік;
  • Орамал кір болса, пайда келеді;
  • Түсінде ақ тіс көрсең, пайда батасың;
  • Тіс шіріп кеткен болса, ұрыс-керіске кезігесің;
  • Тісіңді жұлдырып жүрсең, өлім хабаршысы болуы мүмкін;
  • Тісің қарайып, сасып кетсе, табыстың нышаны;
  • Сау тісің түсіп қалса, жақыныңды жоғалтасың;
  • Түсіңде қан көрсең, жақыныңмен жолығасың;
  • Бетіңе сепкіл түссе, бақыттың белгісі;
  • Түсіңде әжім көрсең, көңілденесің;
  • Музыка тыңдасаң, қуанышты хабар келеді;
  • Түсіңде ұйықтасаң, тыныштық белгісі;
  • Досың өлейін деп жатса, жақсылық келеді;
  • Түсіңде қызықты кітап оқысаң, бақыттың нышаны;
  • Бірдеңені іліп жүрсең, ақша аласың;
  • Ойын картасын көрсең, алданасың;
  • Біреуге бал ашып жүрсең, ойыңдағыны іске асыруға асықпа, күтпеген қауіпке кезігуің мүмкін;
  • Түсіңде жұмыс істеп жүрсең, ісің сәтті болады;
  • Дән сеуіп жүрсең, байлыққа, мол жалақыға кез боласың;
  • Сауда жасап жүрсең, байлыққа батасың;
  • Газет оқып жүрсең, шулы әңгімеге қаласың;
  • Ойланып жүрген болсаң, жұмысың көбейеді;
  • Көңілденіп жүрсең, қауіптің белгісі;
  • Сөйлеп жүрсең, кіріс;
  • Төбелесіп жүрсең, күтпеген шығын;
  • Кір жусаң, жолға шығасың;
  • Сурет салсаң, ұнамды таныстық;
  • Ұрысып жүрсең, ауырасың;
  • Сүйісіп жүрсең, аурудың белгісі;
  • Билесең, қуанасың;
  • Жыласаң, шаттанасың;
  • Күлсең, көз жасының белгісі;
  • Түсіңде біреуді ұрсаң, бақытты махаббатқа жолығасың;
  • Түсіңде күйеуге шықсаң, сүйіктіңнен алыстайсың;
  • Той (үйлену) – үлкен сәтсіздік белгісі;
  • Түсіңде шам жақсаң, жаңалық болады;
  • Шаң сүртсең, әлденеден ақталасың;
  • Түсіңде біреу сөзбен балағаттаса, табыс;
  • Егер сен біреуді сөзбен тілдесең, сәтсіздік;
  • Түсіңде ауру екеніңді сезсең, отбасындағы істе ұрыс-керіс болуы мүмкін;
  • Қыз түсінде босанып жүрсе, жамандық;
  • Әйел босанып жүрсе, бақыт, жақсылық;
  • Әйел еркекпен сүйіссе, денсаулық белгісі;
  • Біреудің сүйіскенін көрсең, мұңаясың;
  • Түсіңде ғашық болсаң, жаңа дос табасың;
  • Үй ішін сыпырып жүрсең, ашығасың;
  • Түсіңде жаңа гүл көрсең, қуанасың, кездесу болады;
  • Солған гүл, жайсыздық;
  • Раушан гүлін көрсең, махаббаттың нышаны;
  • Сұлы көрсең, байлық белгісі;
  • Дәнді шашып алсаң, ұрысқа кезігесің;
  • Дән жинап жүрсең, кіріс кіреді;
  • Пішен көрсең, ұтыс, көз жасы;
  • Ақ қағаз көрсең, достық белгісі;
  • Түсті қағаз көрсең, ұяласың, ренжисің;
  • Қағаз парақтасаң, шығынның нышаны;
  • Түсіңде сары түсті көрсең, айырылысу, мұңды сағыныш:

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір