Қара би: Бірлігі жоқ туыстан, берік сөйлескен жат артық
Қара би: Бірлігі жоқ туыстан, берік сөйлескен жат артық
25.11.2020 17:36
601
0

Қошқар ұлы Жәнібек он үш жасында Қара биге барып батасын алмақшы болып жолға шығады, бірақ сәті түспей екі ел арасында жаугершілік басталып, үлкен ұрыстың арасынан өте алмаған боз бала Жәнібек кері қайтады. Содан соғыстың тоқтағанын күтіп, арада үш жыл өтіп кетеді. Он алты жасында Қара биге келіп сәлем береді. Қара би оның сәлемін қабылдап тұрып:

  - Әй, мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім неге келмедің?- деп сұрайды. Жәнібек болған оқиғаны айтады.

  - Е, онда жөн басқа, дейді Қара би . - Менде қандай бұйымтайың бар?

  - Оны өзіңізде сезіп отырған шығарсыз. Маған керегі сіздің батаңыз – дейді Қошқарұлы Жәнібек.

 Сол кезде би қолын жайып:

- Бедері жоқ қылқадан
Берік тоқылған бөз артық.
Бірлігі жоқ туыстан
Берік сөйлескен жат артық
Пайданы алыстан қылғайсың,
Залалды жақыннан қылғайсың.
Тышқан да інінің айналасына оттамайды,
Оны да есіңе алғайсың, - деп батасын беріпті.

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Қазақ хандығының құрылуы
2. Ер Жәнібек: Хан екі айтса, қадірі кетеді, қара екі айтса, ары кетеді
3. Дүниені не бұзады, адамды не аздырады , күнә неден болады?
4. Ұлт ұраншысы
5. Аттила патша туралы тарихи шындық

0 пікір