ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕР СУДАН ТАЗАРТЫЛУДА
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕР СУДАН ТАЗАРТЫЛУДА
13.03.2024 14:56
95
0

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕР СУДАН ТАЗАРТЫЛУДА
Бүгінгі жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су басу қаупінің алдын алуда қаланың аудандарында қарқынды жұмыс жүруде.
Қаратау ауданы бойынша «Жасыл Жер» ЖШС, «Қаратау» МКК және Төтенше жағдайлар басқармасы жұмысшылары мен техникалары су толған көшелерді судан тазарту жұмыстарын атқарып жатыр.
Судан тазартуға 7 машина, 9 сусорғыш, 2 су тартатын камаз бөшке және 50 жұмысшы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда Нұртас шағын ауданының Саяхат, Шұғыла, Кәусар көшелерін, Тассай тұрғын алабының Байтуған және Қазансу көшелерін, Қайтпас шағын ауданының Қахарман, Бәйдібек би көшелерін, Солтүстік-Шығыс шағын ауданының Ерімбетов көшесін судан тазарту жұмыстары қарқынды жүруде.

0 пікір