Шымкенттік ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Шымкенттік ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
28.09.2026 22:38
15
0

Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Шымкент қаласының өкілі Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан күміс жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қос сайыстың қорытындысы бойынша 394 келі зілтемірді бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 177 келіні, ал серпе көтеру кезеңінде 217 келіні көтеріп, құрлықтық додада екінші орынға тұрақтады.
Бұл салмақта Иран спортшысы Али Алипур 398 келі нәтижемен алтын медаль иеленсе, Қытай өкілі И Ту 384 келі көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді.
Нұрғиса Әділетұлының Азия ойындарындағы табысы Шымкенттің спорт саласындағы жетістіктерін толықтырды. Ауыр атлеттің халықаралық аренада жүлдегер атануы оның дайындығы мен жарыс кезіндегі шеберлігін көрсетті.

0 пікір