8 сағаттан артық ұйықтауға болмайды. Неліктен?
8 сағаттан артық ұйықтауға болмайды. Неліктен?
30.10.2017 22:45
1134
0

 8 сағаттан артық ұйқы түнде жаман түс көруге, бастырылуға әкеп соғады. Бұл жайлы Оксфорд университетінің мамандары хабарлады.
Бұлайша ұзақ ұйықтаған адам жылдам ұйқы фазасында болады. Дәл осындай фазада адамды түнгі жайсыздықтар мазалайды.
 Дәрігерлер 846 адамды зертеуге алып, олардың ұйқы ұзақтығы мен көрген түстерін бақылаған. Нәтижесінде 8 сағаттан көп ұйықтағандар жаман түсті көбірек көріп, ұйықтап жатып жиі мазасызданған. Және ол адамдардың күйзелісте жүргені, шылым мен алкогольді ішімдіктерді, зиянды тағамдарды пайдаланғаны да назарға алынған. Олар, өз кезегінде, жағдайды тіпті қиындатқан. Сондықтан дәрігерлер жаман әдеттерден арылып, 8-9 сағаттан артық ұйықтамауға, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

0 пікір