Нейропсихолог планшеттің балалар дамуына әсері туралы айтты
Нейропсихолог планшеттің балалар дамуына әсері туралы айтты
21.12.2021 14:46
294
0

Нейропсихологтар сөйлеу қабілетінің бұзылуына шалдыққан балалар санының өсуін гаджеттердің, соның ішінде планшеттің кері әсерімен байланыстырып отыр

Ресейдегі жетекші психологтардың бірі, "Изюминка" нейропсихологиялық орталығының директоры Андрей Цветков барлық баланың төрттен бірінде осындай ақау анықталғанын айтты.

"Біз әріптестеріммен бірлесіп, мидың қалыпты және ақаумен дамуы, таңбалау қызметінің дамуымен мидың қай құрылымы байланысты екені туралы ақпаратты зерттедік. ХХ ғасырдың ортасында ғалымдар сөйлеу, суреттер, сандар ересектердегі бас миының қабығымен қалай байланысты екені туралы ауқымды ақпарат алған. Ал балаларда бас миының қабығы толық жетілмегенін нақты білеміз, ал көп жағдайда сөйлеу мен басқа да танымдық процестердің бұзылғанын көріп отырмыз. Яғни, бұл популяциядағы барлық баланың төрттен бір бөлігі!", - деді маман.

Дәрігер бала психикасы мен дамуына кері әсер ететін фактордың бірі ретінде шамадан тыс ақпараттық жүктемені атады. Оған ерте жастан баласының мейлінше көп білім алуын қалайтын ата-аналар да ықпал етіп отыр. Соның салдарынан баланына жасынан бұрын дамытуға деген ұмтылыс кері нәтиже беріп жатады.

"Қазір 80-100 жыл бұрын қалыптасқан жас нормалары ескіргені және балалар басқаша дамуы керек екені туралы жиі айтылады. Алайда, шамамен соңғы қырық мың жыл ішінде саналы адамның миында айтарлықтай анатомиялық өзгеріс болмағанын ескерсек, онда жүз жыл ішінде психикалық даму нормалары өзгеріске ұшырады деп айту қиын. Бірақ дамуды өзгертіп жатқан қоршаған ортаның ықпал ету факторларына тап болып отырмыз. Соның бірі – шамадан тыс ақпараттық жүктеме. "Бэбибумерлерді" теледидар тәрбиелеген ұрпақ деп атаса, онда қазіргілерді жағдай әлдеқайда ушыққан "планшет балалары" деп атауға болады. Себебі теледидар алдында отырған бала аз да болса ойыншықпен ойнап отыратын", - деп түсіндірді нейропсихолог Андрей Цветков.

Ауылда өскен балаға жасы жетпей қолына балта бермейтіні секілді мектеп жасына дейінгі балаға да планшетпен ойнауға рұқсат етпеу керек. Себебі телефонға телмірген баланың ойы тек абстрактілі белгілерге бағытталады да, психикасының дамуы тежейді. Бұл ойыншықты қолына алып ойнағандағы процеске мүлде ұқсамайды.



Дереккөз:Sputnik. 

0 пікір