«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі
28.09.2017 14:13
1559
0

Елімізде 2018 жылдан бастап 10 және 11 сынып оқушыларының оқу бағдарламасына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі. Аптасына екі рет оқытылатын пән қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Жоба жетекшісінің айтуынша, пән бағдарламасының 40 пайызы теориядан, 15 пайызы бизнес кейстен, 45 пайызы ойын түріндегі тәжірбиеден тұрады. Себебі кәсіпкерлік — іс-әрекет. Алғашқы тоқсанда 10 сынып оқушылары әлемдегі кәсіпкерлік, стартап мәдениет, заманауи стартап мәдениеті, кәсіпкерлік пен инновацияның жаңа тенденцияларымен танысады. Екінші тоқсанда салық, директор басқа да компания құрылымы және оның жұмысын біледі. Үшінші тоқсанда кәсіпкерліктегі бәсекелестік орта туралы өтіледі. Соңғы тоқсан 20 сабақтан тұрады. Бұл мерзімде топқа біріккен оқушылар өнімнің өзімен жұмыс істейтін болады.
Бұл жаңалыққа кейбір ата-аналар: «Кәсіп – ол еңбек. Еңбекке жастайынан белсене араласып өскен баланың болашағы айқын, бағдары жарқын болмақ. Несі бар, 21 ғасыр, бүкіл әлем бизнеске бет бұрып жатқанда біз неге қарап қалуымыз керек?» деп қуанса, біреулері қарсылығын білдіруде: «Біз олардың жасында доп теуіп, асыр-салып ойнап, балалықтың қызығына тоймаушы едік. Ал қазіргі балаларға қиын. Неше түрлі пәндерді оқығандарымен қоймай, енді кәсіпті оқи ма? Балаға салмақ салып, шаршатып жатырмыз».
Әрине, қоғам болған соң пікірлердің сан-саққа бөлінетіні анық.
Нарық заманында, бизнес қарқынды дамып келе жатқан уақытта, өзге елдермен бәсекеге қабілетті бола алу үшін еліміздің болашағы – жастарды кәсіптің қыр-сырымен таныстыруды мектептен бастаған жөн болар, бәлкім, кім білсін?!
Ал сіз, қалай ойлайсыз?

0 пікір