Ми сататын мини маркет
Ми сататын мини маркет
12.07.2021 16:18
381
0

 

Қаламызда үлкенді-кішілі дүкендер көп.

«Біз ашылдық» -дейді де азық-түлік, аяқ-киім сататын дүкендер ай, апта сайын ашылып жатады. Жақында сондай нысанның тағы бірі ашылыпты. Мұның алдыңғылардан айырмасы сол шекесіне:

«МИ САТАТЫН МИНИ МАРКЕТ»

Адам ағзасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-деп жазылыпты. Жақсыны көрмек үшін. Менде бір досымды ертіп бара қойдым. Жаныңызға не керек бәрін табуға болады. Түрлі-түсті колбаларға салып аузын мөрлеп тастаған адамның милары мен ішкі-құрылыс бөлшектері:

   Өкпе, бауыр, өт қалталары. Өріп тастаған аш ішек тоқ ішек дейсіз бе сықап тұр.

  Құдай керек қылмасын деп бағасын сұрай қойдық.

-          Қарындас, оң жақ өкпе қанша тұрады?

-          Жиырма мың доллар!

-          Бауыр ше?

-          Отыз мың доллар.

Не деген қымбат. Ананың бәрі адамның миы ма?-деп тізілген колбаларды көрсеттік.

-          Әрине

-          Басқа бір нәрсенің миы боп ұятқа қалып жүрсейсіз бе?

Бұл енді әзіліміз ғой. Негізі керекті ағзалардың толып тұрғанына қуанып тұрған болатынбыз. Бір көзін шашымен жауып кербездене күлімсіреген сатушы қыз басын әнтек сілкіп тастады да: Сіздерге қандай ми керек еді?-деді.

- Арзандау ақылдырағы болса жетіп жатыр.

Не миларыңыз сортқа бөліне ме?

-          Әрине бөлінеді!

Сатушы қыз колбаларға салынып мерзімі жазылған миларды таныстыра бастады.

Бірінші қатардағы алтын түстес колбаларға салынғандары: әкімнің, банкирдің, департамент басшыларының миы. Сапасына қарай бағасы да қымбат.

-          Грамы мың «Евро!»

Екінші қатардағы күміс колбаларға салынғандары әр түрлі орынбасарлар мен бизнес өкілдерінің миы.

Біз тағатсыздана сұрақ қойдық.

-          Бұлар қанша?

-          Арзан емес. Бір грамы мың доллар шамасында.

Сатушы әрмен қарай түсіндіре бастады.

-          Астыңғы сөредегі ақ матамен орап скотчпен желімдеп тастағандары: шоферлер, сантехниктер, қара жұмыс өкілдерінің миы!

Міне, осылар арзан болуы керек. Бұлардың грамы қанша?-дедік.

- Грамдап сатпаймыз. Арзан болған соң килолап бере-береміз. Мәселен жарты кило арба итерушінің миын қырық мың теңгеге алуға болады. Жолдасым Мақсат екеуміз күбірлесіп кім болатынымызды ойластыра бастадық.

«Шофер?» Құрысын!

«Аптекарь?» Атама.

«Озат шопан». Өзімен кетсін.

Онда кім болсақ екен? Таптық! Алпыс жыл шофер болғанша, алты күн әкім болайық деп шештік. Әкім болсаң рахат. Жерде жесірде, теңдік, тэндерде сенікі. Бітті. Әкім боламыз!

Қарындас, үш жүз грам әкімнің миын маған, жүз грам комерсанттың миын мына жігітке тартыңыз деп жолдасымды көрсеттім.

Сатушының көзі шарасынан шығып, бізге біраз қарап тұрып:

-          Ақшаларыңыз жете ме,?-деді.

-          Түспейсіз бе?

-          Шофер, сантехниктің миы болса түсуге болар еді бұлардың бағасы сол.

Енді қайттік? Арманымыз әкім болу еді, оғанда қыруар ақша керек екен деп уайымға берілдік. Жағдайымызды сатушы да түсінді-ау деймін.

-          Не жұмыс атқарасыздар?-деді.

-          Не істеуші едік. Жай мұғалімбіз. Мен жаратылыстану, досым «физика» пәнінен сабақ береді. Сосын ғой, жарамды ми сатып алып «мұғалім» деген тіл алғыш мамандықты қойсақ деп жүргеніміз.                                                                                                        Даусымыздың аяныштың шыққанын сезген сатушы, онда өте арзан ми алыңыздар -деді.

-          Ойбай-ау арзаны да бола ма?

-          Болады! Өнер қайраткерлері мен ақын-жазушылардың миы деген сатушы қыз, қағазға оралған түйіншекті алдымызға тастай салды.

-          Көріңіздер!

-          Бұл қанша?

-          Арзан. Өзі де тұрып қалды.

-          Тұрып қалса айныған ми шығар? Қазір ол айналайындардың миынада сенім жоқ. Өзді-өзі айтысып болмашыны жазатын боп жүр дестік досымыз екеуміз.

-          Бұларға сұраныс жоқ! Нарық заманында ақша таппаған ми кімге керек, кредитке де бере саламыз деген сатушы әрмен қарай түсіндіре жөнелді.

-          Қайсібір күні кәуап сатушы жігіт ақын болып көрейінші деп жарты килосын алып еді қайтып әкеліп тастады.

-          Не болды?-деп сұрадым.

-          Ақындығы құрысын! Аштан өліп қала жаздадым дейді, деп сатушы қыз күліп тұр.                     Осы кезде есікті жұлқи ашып екі жігіт кіріп келді де:

-          Жол полицайының миы бар ма?-деді. Сатушы да сасқан жоқ. Қарап көрейін деді. Сосын таусылып қалғанын айтып, міндетті түрде полицайдың миы керек пе, тіс дәрігерінің миын алсаңдар да жетіп жатыр. Оларда алтынның грамынан тартқылап жағдайлары жаман емес-деді. Тек «полицай болғымыз келеді» деген жігіттер кейін келетіндіктерін айтып шығып кетті. Дүкен болған соң кімдер келіп-кетпейді дейсіз. Қартаң кісі (зейнеткер болса керек)сатушыға дүрсе қоя берді.

-          Қарлығашым-ау!-деді ол. Маған адамның миы деп «Горилланың» миын сатқаныңыз қалай? Ағашқа өрмелеп көзіме Индонезияның ормандары елестеп пәле болды ғой! Ал көршімнің арманы «Бизнесмен» болу еді, сазгердің миын сатып оны да алдапсыз. Бейшара, түкке жарымай бақытты балалық шағы туралы ән жазып жүр деп айқайға басты. Сатушы бейбақ кешірім сұраумен әуре. Осы көріністен кейін дүкенге деген сеніміміз жоғалып не де болса өз миымызбен қалуды жөк көрдік.

 

 

 

 

0 пікір