Айжан Мұратбай әлем чемпионатында жүлдеге таласа алмайды
Айжан Мұратбай әлем чемпионатында жүлдеге таласа алмайды
21.08.2026 14:05
40
0

Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Айжан Мұратбай жарысты жалғастыра алмайды. Қызылорда облысының спортшысы 59 келіге дейінгі салмақтағы жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Гүндэм Энбатырға қарсы шықты. Бұл кездесуде қазақстандық балуан 0:10 есебімен жеңіліп, турнирден толықтай шығып қалды. Мұратбай әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Жапония өкілі Саэ Ногучиге есе жіберген еді. Жапон балуанының финалға жетуіне байланысты қазақстандық спортшыға жұбаныш кезеңінде жүлдеге таласуға мүмкіндік берілген. Алайда бұл мүмкіндікті пайдалана алмады.

Айта кетейік, Айжан Мұратбай мен Гүндэм Энбатар бұған дейін де кездескен. Биылғы Азия чемпионатының жартылай финалында екі балуан өзара белдесіп, онда да моңғолиялық спортшы жеңіске жеткен. Бірақ сол кездегі кездесу тартысты өтіп, Энбатар 7:5 есебімен басым түскен болатын. 2026 жылғы Азия чемпионатында Айжан Мұратбай қола медаль иеленсе, Гүндэм Энбатар күміс жүлдеге қол жеткізген. Осылайша Айжан Мұратбай Братиславадағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.

0 пікір