«Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду 2016/17 жж. маусымдағы УЕФА-ның үздік ойыншысы атанды. Өткен маусымда Роналдудың командасы Еуропаның ең беделді турнирі – Чемпиондар лигасында топ жарған. Ал Роналдудың өзі болса аталған турнирдің үздік сұрмергені атанған. Сондай-ақ Роналду бастаған «Реал» Испания чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, үздік шыққан болатын. Португалия құрамасының ойыншысы дауыс беру қортындысында «Барселона» шабуылшысы Месси мен «Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффонды басып озып, шаң қаптырды.
Prosports.kz
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru