Арқалықтағы жаңа әуежай құрылысы аяқталып келеді
Арқалықтағы жаңа әуежай құрылысы аяқталып келеді
22.07.2026 16:59
21
0

   Арқалық қаласында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы мен әуежайдың ұшу-қону жолағын, рульдеу жолын және перронын қайта жаңарту жұмыстары аяқталу кезеңіне жетті. Жобаның жалпы құны шамамен 20 млрд теңгені құрайды.

Жобаны қаржыландыру үшін мемлекетке қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен құрылған арнайы мемлекеттік қордан 6 млрд теңге бөлінді.

Құрылыс басталған сәттен бері Арқалық қаласының прокуратурасы заң талаптарының сақталуын қадағалап келеді. Сондай-ақ нысан пайдалануға берілгенге дейін құрылыс-монтаждау жұмыстары мен бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Жобаның жүзеге асырылуы Арқалықтың көлік қатынасын жақсартып, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ тұрғындарға көрсетілетін көлік қызметінің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат Қостанай облысы прокуратурасының ресми сайтында жарияланған.

0 пікір