Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты.
Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.
Көп оқылғандар
Қазақстанда 7 шілде – Қолөнершілер күні
Геологиялық барлауға инвестиция тарту үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жол қызметтері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда
Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасының жаңа стандартын енгізеді
Қазақстанда ЖИ, туризм және алаяқтыққа қарсы күрес бойынша стандарттар әзірленіп жатыр
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru