Биылғы жылғы Стандарттаудың ұлттық жоспарына сәйкес 57 стандартты әзірлеу жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Қасымов хабарлады.
Оның айтуынша, электрмобильдерге арналған электрзарядтау станцияларының метрологиялық қамтамасыз етілу стандарты, елдің транзиттік әлеуетін іске асыру үшін рефрижераторлық жүктерді жеткізу стандарты, Сондай-ақ, органикалық өнімді сертификаттау және жабайы өсіп өнетін органикалық шикізатты жинау бойынша стандарттар, үй салу комбинаттары үшін стандарттар қабылданды.
«Биыл стандарттарды әзірлеуде алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, туризм, қызмет көрсету салаларына ерекше эксперимент жасалуда. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар енгізілді», - деді спикер баспасөз конференциясында.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru