Түркістан облысында қайтарылған активтер қоғам игілігі үшін пайдаланылуда
Түркістан облысында қайтарылған активтер қоғам игілігі үшін пайдаланылуда
10.07.2026 15:59
21
0

​Соңғы екі жылда Түркістан облысына Арнайы қор есебінен 30 нысанға 26,4 млрд. теңге бөлінген, 27 нысан құрылысы аяқталып, 3 нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
​Алғашқы әлеуметтік жобаның құрылысы сегіз айда аяқталып, 2025 жылы 3 желтоқсанда Ордабасы ауданы, Темірлан елді-мекенінде жобалық құны 890 млн. теңге тұратын 300 оқушыға арналған жаңа музыкалық өнер мектебі ашылды.
​Бұған дейін аталған елді-мекенде музыкалық мектеп 1974 жылы салынған ескі ғимаратта жұмыс істеп келген.
​Бүгінгі таңда жаңа музыкалық мектепте 12 өнер түрінен 400 жуық балаға музыкалық білім берілуде, ол үшін мектепте домбыра, қобыз, фортепиано және басқа да музыкалық аспаптарды үйретуге арналған заманауи, арнайы жабдықталған кабинеттер қарастырылған.
Нәтижесінде, қысқа мерзім ішінде музыкалық мектептің жас таланттары халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысып, үлкен нәтижелерге қол жеткізуде.
​Атап айтқанда, халықаралық байқауда 4, республикалық байқауда 12, облыстық байқауда 15 талантты балалар жүлделі орындар алған.
​Осылайша қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосуда.

0 пікір