Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Астанада оны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Әуежайда жоғары деңгейдегі салтанатты рәсім ұйымдастырылды. Құрмет қарауылы сап түзеп, мемлекеттік протоколға сай рәсімдер орындалды. Ресей басшысының ұшағы қону сәтінде жойғыш ұшақтардың сүйемелдеуімен ілесіп келді. Путинмен бірге 30-дан астам адамнан тұратын ресми делегация да келді. Делегация құрамында Ресей үкіметінің өкілдері, министрлер және ірі компаниялардың жетекшілері бар.
Қарсы алу барысында әуежайда екі елдің мәдени байланысын бейнелейтін әндер орындалды. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей тулары бейнеленген тікұшақтар ұшу-қону жолағы үстінен көрсетілімдік ұшу жасады. Сапар аясында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестік пен өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru