Өзбекәлі Жәнібеков — табиғатында адалдық пен тазалықтан жаратылғандай
жан. Тік мінезді, ержүрек батыр кісі еді. Ол нені болса да бүкпей, жалтарып-
бұлтармай бетке айтатын, турашыл болатын. Өзіне де, өзгеге де қатал талап
қоятын және бір бастаған ісін ақырына дейін жеткізетін. Өзекең өмір бойы
тура жүріп, тек ақиқат шындықты ғана айтуға тырысқан өр кеуделі, қыран
мінезді, кесек бітімді тұлға болатын-деп, жазушы Әбілмәжін Жұмабаев баға
берген еді.Мектеп директоры Омар Есімов жылы шыраймен қарсы алып, оқу орнының
өзіне бекітілген пәтерлері мен жатақханасы болмағандықтан, ҚазМУ-ді бітіріп
келген қазақ тілі мен әдебиетінің маманы Сейдахмет Батаевпен екеуін осында
тұратын бір азаматтың үйіне орналастырады. 500-ге тарта бала оқитын осы бір
үлкен мектептің ұжымымен алғашкы сәтген-ақ, өмір бойы бірге істескен
адамдардай араласып кеткендіктен, ұстаздық етуге құштарлығының шегі жоқ
еді.Мойнына артылған жауапкершіліктің қандай екенін сезіп, білген Өзекең
өз жұмысына бар ынта-жігерімен кіріседі. Егер оқушы берілген сұраққа дұрыс
жауап қайыра алмаса, бұзақылық жасаса, тапсырманы толық орындамаса, оған ең
алдымен өзін кінәлі сезінетін. Оның үстіне тарихтан сабақ беретін орыс
кластарында көбіне жасы өсіп кеткен, мінез-құлқы, білім дәрежесі, өмірге
көзқарасы әр қилы грузин, неміс, поляк, грек, армян, татар, шешен, қарашай,
балкар ағайындардың балалары оқитын. Олардың басым көпшілігі соғыс кезінде
оқудан қол үзіп қалғандықтан, өз бетімен еркін қалыптаса бастаған және ата-
анасымен мұнда арнайы жер аударылғанға дейін өз ана тілінде оқығандықтан,
орыс тіліне дағдылана қоймаған еді.
«Өзбекәлі Жәнібеков - ұлттық руханият айнасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Түркістан Оқушылар сарайында Қазақ мәдениетінің, руханиятының қара нары, халқымыздың ұмыт болған ұлттық мәдениеті мен әдеп-ғұрпын қайта түлеткен белгілі этнограф, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 92 жылдығын атап өту мақсатында «Өзбекәлі Жәнібек - ұлттық руханият айнасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған елімізден және Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қарақалпақстан сияқты елдерден ғалым, профессорлар мен мұғалім және жас студенттер қатысты. Атап айтар болсақ, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА-ның республикалық медиация кеңесінің төрағасы, ҚР Президент жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Аббозович Пулатов, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей–қорығы Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы Байболов Берік Қыстаубайұлы, Түркістан қаласы Әйелдер алқа төрейымы. ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының құрметті азаматы, ҚР оқу ісінің үздігі Мұстафаева Ұлжан Әбенқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті филология факультеті Түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. (Түркия Республикасы) Кенан Семиз, Бердақ атындағы Қарақалпақ мәмлекетлик университети инглис тил билими кафедрасы доценті, Филология илимлери бойынша философия докторы PhD (Қарақалпақстан Республикасы) Сапарниязов Рустем Шаниязович және тағы басқа ғалымдар қатысып, баяндама жасады.
Конференцияның мақсаты – этнограф, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оның ел үшін еткен еңбектерін жаңғырту.
Өз заманының заңғары — Өзбекәлі Жәнібеков қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысы, Отырар ауданына қарайтын, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсында
Сарықамыс мекенінде 1931 жылы тамыздың 28 жұлдызында дүние есігін ашқан.
Азан шақырып иеленген есімін Өзекең былай сипаттайды: Ескі дәстүрмен ата-
анам көршілерін шақырып, шілдехана жасап, ауылдағы ең қадірмен көнекөз қарт
Өзбек ақсақалдың құрметіне Өзбекәлі деп ат қойыпты.
Әкесі — Жәнібек Құдиярұлы, анасы — Қаныша Томашқызы қазақ ауылдары
ұжымдасқанға дейін қорасында қара малы көп болмай, диқаншылықпен
айналысқан. Өзбекәлі туған соң, көп уақыт өтпей әкесі қайтыс болып, анасын
жақын туысқандарының бірі — Серім Сейітбекұлына әмеңгерлік жолымен қосады.
Бауыры Спандияр Ұлы Отан соғысы кезінде хабарсыз кетеді. 7 жасында, яғни,
1938 жылы Өзбекәлі мектепке оқуға барады. Сабақта зерек болуына әпкесі
Мәдиненің ықпалы ерекше болды. Оқыған кітаптарының мазмұнын, неше түрлі
ертегі-әңгімелер айтып беріп, дәптерлерін қарап, дұрыс оқуына
көмектесетін.
Өзбекәлі Жәнібековтың керемет қасиеттерінің бірі — оның жалындаған
студенттік шағындағы өнерпаздығы болатын. Музыка мен театр өнерін ұштастыра
алып жүрген. ҚазПИ-де ерлі-зайыпты халық артистері Орлов пен Пироговалар
басқаратын вокалдық сабаққа қатысып жүрді. Сонымен қоса, Қапан Бадыров
жетекшілік ететін драмалық үйірмеге де белсене қатысқан. Ғабит Мүсіреповтың
Ақан сері-Ақтоты пьесасында балуан бейнесін керемет көрсете білген [21].
Солай, қызығы пен қиындығы қатар жүретін студенттік кезең артта қалып,
болашаққа қадам басқан-мұғалімдік қызметі Қазақстанның Өзбекстанмен
шектесетін қиыр оңтүстігіндегі Келес ауданының Ленин жолы орта мектебінде
басталды. Осында жүріп Шымкенттегі мұғалімдік институтты бітіріп туған
ауылына келген Халихан есімді қызға үйленеді.
Өзбекәлі Жәнібеков атақ-мансап қуып, соның жолында істеген жоқ,
керісінше, ғұмырын да, мансабын да халқына, оның тарихы мен мәдениетіне
болшағына қызмет етуге арнады. Сондықтан оның есімін уақыт алға жылжыған
сайын ұлты алдында абыройы асқақтайтын тұлғалар шоғырына жатқызуға болады
деп есептейміз.
Түркістан Қаласы Әкімдігінің баспасөз қызметі
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru