САУРАН АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Сауран аудан әкімінің 2023 жылғы 20 қарашадағы №230 өкімімен, Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы Сауран ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Аудан әкімі Мақсат асылбекұлы жаңа орынбасарды әкімдік активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Еңбек жолын 1991 жылы- «Сауран» ғылыми өндірістік бірлестігінде лаборант болып бастаған.
1991-1992 ж.ж.- «Топырақ» кіші кәсіпорнының лаборанты.
1993 жылы «Сауран акционерлік қоғамының лаборанты.
1993-1995 ж.ж.- Түркістан қаласы творчестволық өндірістік фирмасының инженері.
1995-1997 ж.ж - Түркістан қалалық әкімшілігі инженерлік орталығының инженері.
1997 жылы - Шиелі жол жөндеу мекемесінде темір жол шебері.
1997-1999 ж.ж. - Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасының, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі.
2003-2005 ж.ж. - Түркістан қалалық жер кадастр бюросы, инженер- жерге орналастырушы.
2005-2006 -Түркістан қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маман міндетін атқарушы.
2006 жылы - Түркістан қаласының құрылыс бөлімінің бас маманы.
2006 жылы -Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.
2006- 2008 ж.ж. Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2008-2009ж.ж. - Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыру –бақылау секторының меңгерушісі.
2009 жылы - Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыру-бақылау секторының бас маманы.
2009- 2011 ж.ж. - Шорнақ ауыл округі әкім орынбасары.
2011-2023 ж.ж. - Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Бақытжан Кеңесбекұлы, мәдениет, тілдерді дамыту денешынықтыру және спорт, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру салаларына жетекшілік етеді.