Air Astana Дубайға ұшатын рейстерді уақытша тоқтатты
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Дубай бағытына жоспарланған бірқатар рейстердің орындалмайтынын хабарлады. Компанияның мәліметінше, 12 шілде күні сағат 07:10-да Астанадан Дубайға бағыт алған KC205 рейсі қауіпсіздік мақсатында кері бұрылып, Астана әуежайына қайта қонды. Сондай-ақ осы күні сағат 08:50-ге жоспарланған Алматы – Дубай бағытындағы KC897 рейсі де тоқтатылды. Әуе компаниясы тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құны толық көлемде қайтарылатынын мәлімдеді. Ол үшін билетті сатып алған жерге жүгіну қажет. Air Astana рейстер кестесіне қатысты барлық кейінгі өзгерістер туралы қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.
Көп оқылғандар
Қазақстанда 7 шілде – Қолөнершілер күні
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жол қызметтері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда
Геологиялық барлауға инвестиция тарту үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді
Түркістан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарындағы үш нысан реконструкциядан кейін пайдалануға берілді
Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасының жаңа стандартын енгізеді
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru