АРГЕНТИНА ШВЕЙЦАРИЯНЫ ЖЕҢІП, ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
АРГЕНТИНА ШВЕЙЦАРИЯНЫ ЖЕҢІП, ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
12.07.2026 15:55
10
0

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина құрамасы Швейцарияны қосымша уақытта 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Канзас-Ситиде өткен тартысты кездесуде алғашқы голды 10-минутта Алексис Макаллистер соқты. Екінші таймда Дан Ндой есепті теңестіріп, матч қосымша уақытқа ұласты. Қосымша уақытта Аргентина құрамасы басымдық танытты. 112-минутта Хулиан Альварес жеңіс голын енгізсе, ойынның соңғы сәтінде Лаутаро Мартинес есепті 3:1-ге жеткізіп, команданың жартылай финалға шығуын қамтамасыз етті. Матч барысында Швейцария құрамасының шабуылшысы Брель Эмболо төрешіні алдауға әрекет жасағаны үшін екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы жеңістен кейін Аргентина әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасымен кездеседі. Қос команда арасындағы ойын 15 шілдеде Атланта қаласында өтеді.

0 пікір