МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ
06.10.2024 19:29
42
0

Шымкент қаласының тұрғындары Сыздықовтар отбасысы республикалық референдумға қатысты. «Мерейлі отбасы 2024»байқауының жеңімпаздары жанұяның татулығы мен бірлігін тағы бір көрсетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын ақсақал Анарбай Сыздықов ұл-қыздары және немерелерімен келіп дауыс берді.

- Шаңырағымыздың шаттығы балалар. Олардың ертеңгі күні патриотшыл болып өсу үшін, саяси шешімдерге белсенді түрде қатыстыруымыз керек. Бүгінгі референдумға бір отбасыдан 11 адам келіп тұрмыз. Барлығымыз өз таңдауымызды жасадық,-дейді Анарбай Сыздықов.
Сондай-ақ, 18 жасқа жаңа толған бұл отбасының мүшесі Аружан Ерланқызы алғаш рет сайлауға қатысып жатқандығын айтты.

- Еліміз үшін маңызды шешім қабылдауға үн қоса алатыным үшін қуаныштымын. Жақында ғана 18 жасқа толдым. Референдумға келген әрбір тұрғынға алғыс білдіремін. Олар ең маңызды оқиғаға куә болуда,-дейді Аружан Ерланқызы.

0 пікір