ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИНОРЕЖИССЕР АРДАҚ ӘМІРҚҰЛОВ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ
Қазақстанның белгілі кинорежиссері Ардақ Әмірқұлов 70 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі растады. Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты. Ардақ Әмірқұлов саналы ғұмырын отандық кино өнерінің дамуына арнады. Ол «Отырардың күйреуі», «Абай» және «Қош бол, Гүлсары!» секілді танымал фильмдердің режиссері ретінде көпшілікке кеңінен танылды. Министрліктің мәліметінше, режиссердің туындылары қазақ киносының алтын қорынан орын алды. Сонымен қатар ол ұлттық кинематографияның дамуына елеулі үлес қосып, бірнеше буын кино мамандарының тәрбиеленуіне ықпал етті.
Көп оқылғандар
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТОЙДА АЙТЫЛҒАН УАҒЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Сайлау-2026: Түркістанда 700-ден астам сенім білдірілген адам тіркеуден өтті
ОЛИГАРХТАРДАН ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРЖЫҒА АҚТӨБЕДЕ СУ ҚҰБЫРЫ САЛЫНАДЫ
ДОЛЛАР БАҒАМЫ ТӨМЕНДЕДІ: ІРІ ҚАЛАЛАРДАҒЫ АЙЫРБАСТАУ ПУНКТТЕРІНДЕГІ ЖАҢА БАҒАЛАР
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru