Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының бағамы төмендегеннен кейін валюта айырбастау пункттеріндегі бағалар да өзгерді. 5 тамыздағы мәлімет бойынша, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында шетел валюталарының сатып алу және сату құны жаңартылды. Алматы қаласында доллардың сатып алу бағамы – 469,79 теңге, сату бағамы – 472,11 теңге. Еуро 540,40–545,33 теңге аралығында саудаланса, Ресей рублінің бағасы 5,56–5,70 теңгені құрады. Астанада айырбастау орындары долларды 466,40 теңгеден қабылдап, 473,36 теңгеден сатуда. Еуроның бағамы 534,79–544,77 теңге, ал рубль 5,50–5,70 теңге аралығында қалыптасты. Шымкентте доллар 471,07–473,22 теңге аралығында саудалануда. Еуроның бағасы 540,59–545,59 теңгені, ал рубльдің құны 5,58–5,64 теңгені құрап отыр. Мамандар айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы сұраныс пен нарықтағы өзгерістерге байланысты күн ішінде бірнеше рет жаңаруы мүмкін екенін ескертеді.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru