Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енген «Алакөл толқыны – 2026» фестивалі өтті.
Іс-шара еліміздегі ірі туристік жобалардың бірі ретінде оқиғалы туризмді дамытуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.
Фестивальдің ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев пен Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Қолбаев қатысты. Вице-министр өз сөзінде Алакөлдің Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттардың біріне айналғанын атап өтті.
«Алакөл – еліміздің негізгі туристік бағыттарының бірі. Мұндай фестивальдер өңірдің мүмкіндігін танытып, жаңа туристерді тартуға, шағын және орта бизнестің дамуына және аймақ экономикасының нығаюына ықпал етеді», – деді Мирас Төлебаев.
Фестивальге 5 мыңнан астам адам қатысып, Қазақстанның әр өңірінен келген демалушылармен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Беларусь және Ресейден келген туристер де жиналды.
Қонақтарға мәдени-ойын-сауық бағдарламасы, интерактивті алаңдар мен театрландырылған қойылымдар ұсынылды. Бас сахнада отандық өнерпаздар өнер көрсетіп, мерекелік кеш көл жағасындағы DJ-party және отшашумен аяқталды.
«Алакөл толқыны» фестивалі жазғы туристік маусымның маңызды оқиғаларының бірі саналады. Жоба Алакөлдің туристік тартымдылығын арттыруға, ішкі және халықаралық туризмді дамытуға бағытталған.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru