Инвестор құқығы қорғалып, ғылыми-сынақ орталығы ашылды
Инвестор құқығы қорғалып, ғылыми-сынақ орталығы ашылды
27.07.2026 15:18
15
0

   Өңірдегі ірі инвесторлардың бірі – «Тексол Транс» ЖШС отандық машина жасау саласын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Жобаның жалпы құны шамамен 24 млрд теңгені құрайды және 300-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Бұған дейін облыс прокуратурасы компанияның құқықтарын қорғап, 230 млн теңгеден астам көлемде заңсыз есептелген салықтың күшін жойған.

Инвестициялық жобаны кешенді сүйемелдеу нәтижесінде Атырау қаласында тәуелсіз ғылыми-зерттеу және сынақ орталығы ашылды.

Облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев жаңа нысандарды аралап, бұл орталықтың іске қосылуы отандық сынақ инфрақұрылымын дамытуға және қазақстандық машина жасау өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға елеулі серпін беретінін атап өтті.

Жалпы, биыл прокуратура инвестициялық құны 3,9 трлн теңгені құрайтын, 3 500 жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін 49 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан инвесторлардың құқықтарын қорғады.

Прокуратура инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жалғастырып, инвесторлардың құқықтары бұзылған әрбір жағдайға жедел ден қоятынын мәлімдеді.

0 пікір