ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбековтің айтуынша, ТМД елдерінің шегіртке зиянкестерімен күрес жөніндегі келісімі аясында бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Аталған келісім іс-қимылдарды үйлестіруге, сондай-ақ зиянкестердің шекарааралық көшуінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Сәкен Қаныбековтің сөзінше, қабылданған шаралар жұмыстардың тиімділігін арттырып, химиялық өңдеу мерзімдерін қысқартуға, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға және қорғаныс іс-шараларының сапасын жақсартуға ықпал етті.
«Мемлекеттік органдардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және халықтың бірлескен жұмысының нәтижесінде барлық қорғаныс шаралары белгіленген мерзімде әрі жоғары тиімділікпен орындалды», – деді комитет төрағасы.
Қазіргі уақытта өңірлерде ауыл шаруашылығы алқаптарына жоспарлы фитосанитариялық мониторинг жалғасуда. Оның қорытындысы бойынша 2027 жылға арналған шегірткеге қарсы қорғаныс шараларының көлемі болжанады.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru