Үмбетәлі Кәрібаев музей-үйі жаңғыртылуда
Үмбетәлі Кәрібаев музей-үйі жаңғыртылуда
20.07.2026 15:31
33
0

  Алматы облысы Жамбыл ауданындағы халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың музей-үйінде қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Қазіргі таңда «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары аумағы 90 шаршы метр болатын шатырды толық жаңартып, ағаш қаңқасы мен металл жабындысын ауыстырды және су ағызу жүйесін орнатты. Сонымен қатар ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғалары мен еденіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Келесі кезеңде музейдің қасбеті қалпына келтіріліп, зақымданған қабырғалары нығайтылады. Терезелер мен есіктер орнатылған соң, тарихи нысанның бастапқы сәулеттік келбеті сақтала отырып, реставрация жұмыстары толық аяқталады.

 

0 пікір