Ішкі істер министрлігі интернеттегі қауіпсіздік қарапайым, бірақ маңызды ережелерден басталатынын ескертті.
Әлеуметтік желілер адамдармен байланыс орнатуға, білім алуға және өмірдегі қызықты сәттермен бөлісуге мүмкіндік береді. Алайда желідегі ашықтық жеке қауіпсіздікке қатер төндірмеуі тиіс.
ІІМ жасөспірімдерді интернетті пайдалану кезінде сақтық танытып, жеке мәліметтерін қорғауға және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.
Ішкі істер министрлігі жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жеке қауіпсіздікке мән беруге шақырды.
Министрлік негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, интернетте мекенжай, телефон нөмірі, оқу орны, сабақ кестесі және орналасқан жерді анықтауға мүмкіндік беретін жеке мәліметтерді жарияламау қажет.
Сондай-ақ геолокация көрсетілген фото мен стористерді нақты уақыт режимінде жүктемеу ұсынылады. Мұндай материалдарды қауіпсіздік мақсатында сол орыннан кеткеннен кейін бөліскен дұрыс.
ІІМ жасөспірімдерге әлеуметтік желідегі достар қатарына тек жеке танитын адамдарды қосуды, парақша құпиялылығы баптауларын дұрыс реттеуді және бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттерін, құжаттарын немесе құпия ақпараттарын жібермеуді ескертті.
Егер бейтаныс адам күмәнді әрекет жасап, жеке мәліметтерді сұраса немесе қорқытуға тырысса, онымен байланысты дереу тоқтатып, аккаунтты бұғаттау қажет. Мұндай жағдайлар туралы ата-анаға, заңды өкілге немесе сенім артатын ересек адамға хабарлау маңызды.
ІІМ цифрлық ортадағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жеке деректерді қорғауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектесетінін атап өтті.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru