Адам саудасына қарсы күрестегі барлық шаралардың басты назарында адам тұруы тиіс
Адам саудасына қарсы күрестегі барлық шаралардың басты назарында адам тұруы тиіс
24.07.2026 13:22
25
0

   БҰҰ-ның Палермо хаттамасында бекітілген негізгі қағидаттар Қазақстанның ұлттық заңнамасында кеңінен көрініс тапқан. Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымы/БҰҰ-ның Қазақстандағы көші-қон агенттігінің адам саудасына қарсы іс-қимыл бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Әлия Белоносова мәлімдеді.

Оның айтуынша, адам саудасына қарсы барлық шаралардың негізгі өзегінде адам тұруы қажет. Зардап шеккендерге көмек көрсету, оларды қорғау және құқықтарын қалпына келтіру басты міндеттердің бірі болуы тиіс.

«Көптеген мемлекеттер адам саудасының жолын кесуге және қылмыскерлерді жауапкершілікке тартуға басымдық береді. Алайда адам құқықтарын қорғау – адам саудасына қарсы кез келген шараның ажырамас бөлігі және халықаралық стандарттардың негізгі талабы», – деді Әлия Белоносова.

Ол адам саудасы бір ғана мемлекеттің аумағымен шектелмейтінін атап өтті. Сондықтан бұл құбылысқа қарсы тиімді күресу үшін елдер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажет.

«Біздің оған қарсы әрекетіміз де шекарамен шектелмеуі керек. Мемлекеттер арасында тұрақты өзара іс-қимыл мен бірлескен тетіктер қалыптастыру маңызды», – деді Халықаралық көші-қон ұйымының өкілі.

0 пікір