Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады.
Президент бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тілеп, Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағытында және халықаралық аренадағы беделін арттыруда елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан көшбасшысының Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-өзбек ынтымақтастығының қазіргі қарқынына тоқталып, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулер жоспарын қарастырды.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru