ЕҚЫҰ Қазақстанмен бірлесіп адам саудасына қарсы күресті күшейтуде
ЕҚЫҰ Қазақстанмен бірлесіп адам саудасына қарсы күресті күшейтуде
24.07.2026 15:22
21
0

    Адам саудасы – адам құқықтарының ең ауыр әрі өрескел бұзушылықтарының бірі. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің бағдарламалық маманы Дина Джузбаева ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ Қазақстанның адам саудасының алдын алу және оған қарсы іс-қимылды күшейту бағытындағы жұмыстарына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Ұйымның негізгі басымдықтарының бірі – осы салада қызмет ететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Осы бағытта қазақстандық дипломаттар, заңгерлер және полиция қызметкерлері үшін арнайы оқыту тренингтері өткізіліп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал жасалуда.

«Қазақстанның адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық бастамаларға, соның ішінде ЕҚЫҰ Альянсы конференциясына қатысуын қолдаймыз», – деді Дина Джузбаева.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ жастар арасында адам саудасының қауіп-қатері туралы ақпараттандыру және алдын алу шараларын күшейтуге ерекше мән беріп отыр.

0 пікір