Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания Премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады
Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания Премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады
27.07.2026 12:10
13
0

  Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Президент Эндрю Бернемге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Ұлыбритания халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

0 пікір