Ақтауда Каспий маңы елдерінің Достық аллеясы ашылды
Ақтауда Каспий маңы елдерінің Достық аллеясы ашылды
10.08.2026 10:14
13
0

  Ақтауда Caspian Sea Action Week – 2026 халықаралық жобасы аясында Каспий маңы мемлекеттерінің Достық аллеясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа нысан өңір елдері арасындағы достық, өзара түсіністік және ынтымақтастықтың символына айналмақ.

Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген волонтерлер қатысты.

Аллея аумағында келешек ұрпаққа арналған арнайы капсула орнатылды. Оның ішіне Каспий өңірі халықтарының ортақ тарихы, мәдени байланыстары және табиғи мұрасы туралы үндеу орналастырылды.

Caspian Sea Action Week – 2026 халықаралық апталығы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

Жоба аясында азаматтық белсенділікті арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және Каспий маңы мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар волонтерлік бастама жүзеге асырылуда.

Достық аллеясының ашылуы халықаралық жобаның маңызды шараларының біріне айналып, жастар мен волонтерлерді ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіруге бағытталған бастамалардың жалғасы болды.

0 пікір