Сарапшы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын зерттеуді әлі де жалғастыру қажеттілігін қадап айтты
Сарапшы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын зерттеуді әлі де жалғастыру қажеттілігін қадап айтты
10.08.2026 10:20
14
0

   Абайдың идеяларын айтқанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Қазір бұл идеяларының қаншалықты өзекті екені жиі талқыға салынады. Абай сынды тұлғалардың ойы, өлеңдері, қара сөздерінде айтқан тұжырымдамалары әр заман үшін өзекті. Түркология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.
Оның айтуынша қазір 19 ғасырда Абайдың қазақ қоғамы туралы айтқан ойларын 21 ғасырда да қолдануға болады.

«Қарап отырсақ, Абайдың адамдардың мінез-құлқы, әлеуметтік қарым-қатынастар туралы айтқаны әлі де шындыққа ұласады. Мұндай құбылысқа Еуропада өте жақсы баға берілді. Бұл - генеративті сипаттағы идея. Бүгінде Абай бізге өте керек. Әсіресе, әлеуметтік қарым-қатынасымызда. Қаншалықты біз-бірімізге әділетті, шынайы болып жүрміз. Алыс-беріс заманында психологиямызды өзгертіп жіберген жағдайлар, қоғамда адамның мінез-құлқы дене сияқты. Мұның себептерін Абайдың шығармашылығынан табамыз. Осыны зерттеудің аспектілері қалай болуы керек? Тәуелсіздің алғаннан бері Абай туралы жүздеген монография, мақалалар жарық көрді. Абай туралы зерттелмеген тағы не қалды деген сұрақ туындауы мүмкін. Сол себепті теорияға негізделген зерттеулерді әлі де жазуымыз керек»,-деді спикер.
0 пікір